Футбол

Диего Марадонамен қоштасу: Аргентинада үш күндік аза тұту жарияланды

  • Диего Марадонамен қоштасу: Аргентинада үш күндік аза тұту жарияланды

    Диего Марадонамен қоштасу: Аргентинада үш күндік аза тұту жарияланды

Футбол аңызына айналған Диего Марадонаның қайтыс болуына байланысты Аргентинада үш күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Telam-ға сілтеме жасап.
Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы кеше 61 жасқа қараған шағында жүрек талмасынан қайтыс болды. Айта кету керек, бірнеше күн бұрын ол субдуралды гематома операциясын сәтті өткеріп, ауруханадан шығарылған еді. Марадонамен қоштасу рәсімі Аргентина Президентінің ресми резиденциясында өтуде. Бұрынғы әйелі Клаудия Вильяфанье, қыздары Далма мен Джаннина және жақындары спортшымен қоштасты. Буэнос-Айреста әлемдік футбол жұлдызының көптеген жанкүйерлері жиналды. Жалпы алғанда, Марадонамен қоштасуға миллионнан астам адам қатысады делінеді. Футболшыны жерлеу бүгін Буэнос-Айрестің сырт жағында өтеді. Еске салсақ, қазақстандық «Ник Вуйчич» Әли Тұрғанбеков Диего Марадонамен кездескен сәтін еске алып, спортшы туралы естелігімен бөлісті. 2018 жылы оқушы Әли Тұрғанбеков аты аңызға айналған футболшы Диего Армандо Марадонамен кездесіп, оның иығына шапан жапқан болатын.

ҚазАқпарат




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 22:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30