Футбол

Дубайда ХХІ ғасырдың үздік футболшысы марапатталды

  • https://twitter.com/

    https://twitter.com/

Футболдағы жетістіктер үшін берілетін "Globe Soccer Awards" сыйлығының иегерлері анықталды деп жазады Eurosport.

 

Марапаттау рәсімі 27 желтоқсан күні Дубай қаласында өтті.

 

"ХХІ ғасырдың үздік бапкері" номинациясын "Манчестер Ситидің" бапкері Пеп Гвардиола жеңіп алды.

 

Бұл титулға үміткерлер арасында Зинедин Зидан ("Реал"), Жозе Моуринью ("Тоттенхэм") және Алекс Фергюсон ("Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жаттықтырушысы) болған.

 

Ал "2020 жылдың үздік бапкері" марапаты өткен маусымда Чемпиондар лигасын, Германия чемпионаты мен кубогын ұтқан "Баварияның" бапкері Ханс-Дитер Фликке бұйырды.

 

Ол "Ливерпуль" клубының жаттықтырушысы Юрген Клопп пен "Аталантаның" бапкері Джан Пьеро Гасперинді артта қалдырды.

 

"ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы" номинациясы "Ювентус" клубының 35 жастағы футболшысы Криштиану Роналдуға берілді.

 

Португалиялықпен бірге бақталасқа түскен &ndash Месси, Мохамед Салах және Роналдиньо еді.

 

Одан бөлек, Роналду "2020 жылдың үздік ойыншысы" атағын алуы керек болатын.

 

Өйткені дауыс беру нәтижесі бойынша сұрмерген Роберт Левандовский мен Лионель Мессиді басып озған.

 

Алайда, қазылар алқасы сыйлықты "Баварияның" шабуылшысына ұсынды.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 14:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30