Футбол

Еркебұлан Сейдахметті жақтырмаған еуропалық бапкер жұмыссыз қалды

  • ©

    © "Левски" ФК

56 жастағы болгариялық бапкер Петар Хубчев 2019 жылдан жаттықтырып келе жатқан софиялық "Левски" клубынан кетеді, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

 

Бапкер Болгария төтенше жағдайды алып тастауды жоспарлап отырған 13 мамырда отставкаға кетеді деп күтілуде. Хубчев командадан қаржылық қиындықтар мен басшылықтағы ауыс-түйіске байланысты кетеді.

 

 

Айта кетейік, 2019 жылы Хубчев "Уфадан" жалға алған Еркебұлан Сейдахметпен "Левский" арасындағы келісімшартты үзуге себепші болған еді. Жарақат салдарынан жартылай қорғаушы Болгарияның қол жүлдегері атанған команда үшін тек үш матч қана ойнады.

 

Сол жылы жазда Сейдахмет "Уфадан" алматылық "Қайрат" сапына өтті. Transfermarkt мәліметінше, трансфер құны 300 мың еуро болды, ал келісімшарт 2022 жылға дейін. Содан бері футболшы алматылық команда үшін15 матчте бір гол салып, екі ассист жасады.

 

Ал 2018 жылдан ойнай бастаған Қазақстан құрамасы үшін алты матчте екі гол соққан.

 




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 18:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31