Футбол

Этникалық қазақ елордалық "Астана" командасына ауыса алмай қалды

  • ©instagram.com/yerjet23/

    ©instagram.com/yerjet23/

Қытайлық қақпашы Ерзат Ержет жақын арада өз отанына қайтатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

 

28 жастағы қақпашы "Астана" командасында бақылауда болып, бірақ клубпен келісімшарт жасамады.

 

Қытай жерінде дүниеге келген қазақ қақпашысы бақылау кезінде бапкерлердің көңілінен шыққан. Бірақ командада басшылық ауысқаннан кейін ол келісімшарт жасай алмай қалды.

 

Бағана күзетшіні командаға негізі Давид Лория алғысы келген. Алайда жуырда ол қызметінен босатылды. Ал "Астананың" жаңа басшылары Ержетті командада қалдырудан бас тартқан.

 

Айта кетейік, Ерзат Ержет "Астана" ауысып, Қазақстан азаматтығын алуға да ниетті болған.

 

Ержет Қытайда дүниеге келіп, сол жақта өскен. Карьерасын "Синьцзян Гранд Бегония" командасында бастаған. Кейін Португалияның үшінші дивизионында өнер көрсететін "Гондомар" сапына ауысқан. Сонымен қатар қақпашы "Пассуш де Феррейра", "Лейшоэш" және "Салгейруш" командаларында ойнаған. 2019 ол қытайлық "Чунцин Лифанем" клубымен келісімшарт жасап, бес ойынға қатысқан. Қытайдың 23 жасқа дейінгі құрамасына бірнеше рет шақырту алған.

 

 

 

 




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.09.2021, 00:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31