Футбол

Еуро-2020: Бельгия мен Дания 1/8 финалға шықты

  • https://www.championat.com/

    https://www.championat.com/

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңінде В тобында 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл топта Бельгия құрамасы алғашқы екі турда ұпай жоғалтқан жоқ. Сол арқылы жарыстың келесі сатысына берілетін жолдама тағдырын шешіп қойды.

 

Ал қалған үш құраманың да 1/8 финалға шығатын мүмкіндігі бар болатын.

 

Ресей мен Дания өзара бақ сынасып, жеңімпазды анықтауға тырысты. Бұл жағдайда даниялық құраманың жеңіске жетуге ұмтылатыны түсінікті еді. Нәтижесінде Миккель Дамсгор 38-минутында мергендік танытты. Ал 59-минутта Юссуф Поульсен есеп айырмасын ұлғайтса, 70-минутта ресейлік Артем Дзюба пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

 

Даниялық Андреас Кристенсен 79, Йоаким Мехле 82-минутта есепті үстемелей түсті.

 

Кездесуде Дания қарсыласын 4:1 есебімен жеңіп, жарыстың плей- офф сатысына жолдама алды.

 

Ал Финляндия мен Бельгия арасындағы кездесуде бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде Лукаш Градецки финляндиялық 74-минутта өзінің қақпасына гол соғып алды.

Ал 81-минутта бельгиялық Ромелу Лукаку қақпаны дәл көздеді.

 

Осылайша Бельгия Финляндияны 2:0 есебімен сүріндіріп, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

 

Айта кетейік, бұған дейін 1/8 финалға тікелей жолдама алған төрт құрама белгілі. Олардың қатарында А тобында Италия мен Уэльс, С тобында Нидерланды мен Австрия құрамалары бар.

 

Енді үшінші тур ойындары 23 маусымда D тобында өткізіледі. Бұл күні Хорватия мен Шотландия, Чехия мен Англия шеберлік байқасады.

 

Еске салсақ, бүгін С тобында Нидерланды Солтүстік Македониядан 3:0, Австрия Украинадан 1:0 есебімен басым түсті.

 

 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 03:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30