Футбол

Еуро-2020: Дания Уэльсті жеңіп, ширек финалға шықты

  • https://www.championat.com/

    https://www.championat.com/

Футболдан Еуропа чемпионаты 1/8 финалындағы алғашқы ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жарыстың аталған сатысындағы бірінші кездесуде Уэльс пен Дания құрамалары шеберлік байқасты.

 

Еске салсақ, бұған дейін екі құрама 10 мәрте кездесті. Оның 4-де уэльстік футболшылар басым түссе, қалғанында даниялық құраманың мерейі үстем болды.

 

Кейінгі екі ойында даниялықтар жеңіске жеткен. Уэльс құрамасы сол сәтсіздіктер сериясына тоқтау сала алған жоқ. Бұл ойында да қарсыласына есе жіберіп қойды.

 

Ойын барысында Каспер Дольберг 27, 48-минуттарда мергендігімен көзге түсіп, өз құрамасының басымдығын арттырды.

 

Одан кейін отандастары Йоаким Мехле 88, Мартин Брейтуэйт 94-минуттарда қарсыластар қақпасынан саңылау тапты.

 

Осылайша Дания қарсыласын 4:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

 

Айта кетсек, жарыстың 1/8 финалында Италия мен Аустрия кездеседі.

 

Ал 27 маусымда Нидерланды мен Чехия, Бельгия мен Португалия, 28 маусымда Хорватия мен Испания, Франция мен Швейцария, 29 маусымда Англия мен Германия, Швеция мен Украина жасыл алаңға шығады.

 

 




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.06.2021, 00:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30