Футбол

Еуро-2020: Франция Германиядан басым түсті

  • https://www.ua-football.com/

    https://www.ua-football.com/

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысындағы топтық кезеңде Франция және Германия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жанкүйерлер оларды әлемдегі үздіктер қатарына қосады. Сондықтан құрлықтық дода барысында екі тәжірибелі құраманың кездесуін көпшілік асыға күткені анық.

 

Екі құрама бұған дейін 16 мәрте кездескен. Оның 8-де француздар жеңіске жетіп, 4-де немістер басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

 

Ойын алма-кезек шабуылмен өрбіді. Қос құрама бір-бірінің осал тұсын табуға тырысты.

 

Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Нәтижесінде Франция Германиядан 1:0 есебімен басым түсті.

 

Десе де бірінші кезеңде неміс футболшысы Матс Хуммельс өзінің қақпасына гол соғып алды. Бұдан кейін қос қарсыластың есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болған еді.

 

Еске салсақ, аталған екі команда F тобында сынға түседі. Қарсыластары – Португалия және Венгрия.

 

Осы топта бұдан бұрын Португалия Венгриядан 3:0 есебімен басым түскен болатын.

 

Енді F тобындағы келесі тур 19 маусым күні болады. Бұл күні Португалия мен Германия, Венгрия мен Франция құрамалары кездеседі.

 

Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түсуде. Әрбір топтан үздік екі команда мен көрсеткіші жоғары төрт құрама жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады.

 

Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталды, ол 11 шілдеде мәресіне жетеді.

 




Көрілген: 282    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 03:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30