Футбол

Еуро-2020: Хорватия мен Чехия тең түсті

  • https://www.sport-express.ru/

    https://www.sport-express.ru/

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Хорватия мен Чехия кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Еске салсақ, аталған екі құрама Е тобында сынға түседі. Қарсыластары – Англия мен Шотландия.

 

Алғашқы турда Чехия Шотландиядан 2:0 есебімен басым түссе, Хорватия Англияға 0:1 есебімен жол берді.

 

Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесті. Оның біреуінде хорватиялықтар жеңіске жетсе, екі кездесуде тең нәтиже тіркелді.

 

Бүгінгі кездесуде хорватиялық құраманың басымдығы айқын аңғарылып тұрды. Десе де алғашқы голды чехиялықтар соқты.

 

Ойынның 37-минутында Хорватия қақпасына белгіленген пенальтиді чехиялық Патрик Шик мүлт жіберген жоқ.

 

Екінші кезеңнің 47-минутында хорватиялық Иван Перишичи таразы басын теңестірді.

 

Бұдан кейін таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.

 

Бүгін аталған топта Англия мен Шотландия шеберлік байқасады.

 

Бұл топтағы үшінші тур ойындары 22 маусымда болады. Бұл күні Хорватия мен Шотландия, Чехия мен Англия құрамалары кездеседі.

 

 




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сенбі, 19.06.2021, 00:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30