Футбол

Еуро-2020: Италия Швейцарияны ойсырата жеңді

  • Фото Reuters

    Фото Reuters

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысындағы топтық кезеңі екінші турында Италия мен Швейцария құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Еске салсақ, аталған екі құрама А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Уэльс және Түркия.

 

Алғашқы турда Италия Түркиядан 0:3 есебімен басым түссе, Швейцария Уэльспен 1:1 есебімен тең ойнады.

 

Екі құрама бұған дейін 58 мәрте кездескен. Оның 28-де Италия жеңіске жетіп, 8-де Швейцарияның мерейі үстем болса, 22-де тең нәтиже тіркелді.

 

Бүгінгі кездесуде италиялық футболшылардың басымдығы аңғарылып тұрды. Нәтижесінде Мануэль Локателли 26, 52-минуттарда мергендік танытты.

 

Бұдан кейін швейцариялық құрама алға қарай ұмтылды. Десе де олардың гол соғуына италиялықтар мүмкіндік бере қойған жоқ.

 

Есесіне 89-минутта Чиро Иммобиле қорытынды есепте белгіледі.

 

Айта кетерлігі, екі құраманың соңғы үш ойынында тең нәтиже тіркелген еді. Италия құрамасы сол сәтсіздіктер сериясын тоқтатты. Осылайша қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

 

Аталған топтағы үшінші тур ойындары 20 маусымда өткізіледі. Бұл күні Швейцария мен Түркия, Уэльс пен Италия шеберлік байқасады.

 

 




Көрілген: 309    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 08:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30