Футбол

Еуро-2020: Италия үшінші ойында Уэльсті жеңді

  • https://www.eurosport.ru/

    https://www.eurosport.ru/

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі үшінші турында Италия мен Уэльс кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Еске салсақ, аталған екі құрама А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Швейцария мен Түркия.

 

Алғашқы екі турда Италия құрамасы Түркия мен Швейцарияны 3:0 есебімен жеңді.

 

Ал Уэльс Швейцариямен 1:1 есебімен тең түссе, Түркиядан 2:0 есебімен басым түсті.

 

Бүгінгі ойында италиялық футболшылардың басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде Маттео Пессина 39-минутта есеп ашты.

 

Ойында Италия қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

 

Олар топтық кезеңде ұпай жоғалтқан жоқ.

 

Италия мен Уэльс те жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

 

Енді 1/8 финал ойындары 26-29 маусым күндері өткізіледі.

 

Ойындар дүбірлі дода тарихында тұңғыш рет Еуропаның 10 мемлекетінде орналасқан 11 стадионда өтуде. Бұл Еуропа чемпионатының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

 

Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталды, 11 шілдеде мәресіне жетеді.

 

 

 




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 08:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30