Футбол

Еуро-2020: Нидерланды мен Австрия жарыстың келесі сатысына шықты

  • https://www.vseprosport.ru/

    https://www.vseprosport.ru/

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңінде С тобында 1/8 финалға шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Аталған топтағы екі ойын да бір уақытта басталды. Нәтижесінде 1/8 финалға шыққан құрамалар белгілі болды.

 

Алғашқы кездесуде Нидерланды мен Солтүстік Македония шеберлік байқасты. Олардың турнир кестесіндегі жағдайы түрліше болатын. Нидерланды алғашқы екі турда ұпайдан шашау шығармай, бірінші орынға жайғасты.

Ал Солтүстік Македония екі ойында да қарсыластарына есе жіберіп, турнир кестесінде соңғы орынды місе тұтты.

 

Бүгінгі кездесуде Нидерланды қарсыласынан басымырақ ойнады. Нәтижесінде 24-минутта Мемфис Депай мергендігімен көзге түсті. Ал Жоржиньо Вейналдум 51, 58-минуттарда есепті еселеді.

 

Осылайша Нидерланды Солтүстік Македонияны 3:0 есебімен жеңіп, өз тобында бірінші орын алды. Енді олар 1/8 финалда бақ сынайды.

 

Айта кетерлігі, Австрия аталған қарсыласынан 1990 жылдан бері басым түсе алмай келеді. Содан бері жеті ойында да нидерландылық құраманың айы оңынан туып тұр.

 

Бүгін аталған топтағы тағы бір кездесуде Украина мен Австрия жасыл алаңға шықты. Үш ұпай жинаған екі құраманың турнир кестесіндегі жағдайы бірдей болатын. Сондықтан жеңіске жеткен құрама жарыстың келесі сатысына бірден жолдама алатын.

 

Ойын барысында бірінші кезеңде австриялық футболшылардың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі туды. Сол сәттердің бірінде Кристоф Баумгартнер 21-минутта өзінің ыңғайына келген допты қақпа торында тулатты. Кездесуде Австрия қарсыласын 1:0 есебімен басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

 

Құрамалар бұған дейін екі мәрте жолдастық кездесуде күш сынасып, бір-бірден жеңіске жетті.

 

Еске салсақ, бүгін В тобында Ресей мен Дания, Финляндия мен Бельгия құрамалары ойнайды.

 

Кездесу елорда уақытымен 00.50-де басталады.

 

 




Көрілген: 655    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 00:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30