Еурокубок: "Ордабасы" жеңісті уысынан шығарып алды

28 шілде 2023, 09:45

"Ордабасы" футбол клубы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында тең ойнады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 27 шілдеде қазақстандық клуб еурокубоктың жаңа маусымын Варшаваның (Польша) "Легия" командасымен кездесуден бастады.

 

Шымкентте өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.

 

 

"Ордабасы" 13-минутта Всеволод Садовскийдің голының арқасында алға шықты. 48-минутта Мамаду Мбодж есепті еселеді.

 

 

 

 

Алайда қарсылас команда 63 және 86-минутта екі гол соғып, есепті теңестіріп кетті.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz