Футбол

Еуропа лигасы: "Ордабасы" грузиялық "Торпедоны" тізе бүктірді

  • "Ордабасы" ФК

"Ордабасы" футбол клубы Еуропа лигасының іріктеу кезеңін сәтті бастады. Грузияның "Торпедо" командасына қарсы өткен бірінші ойында 1:0 есебімен жеңіске жетті.


Шымкенттегі футболсүйер қауым еурокубок ойынын сағынып қалғаны рас. Соңғы рет "Ордабасы" 2016 жылы "Чукаричкиге" қарсы ойнаған. Одан бергі аралықта бір рет Еуропа лигасына жолдама ала тұрып, өз алаңындағы ойынды Алматыда өткізді. Себеп – алаң сапасының сын көтермеуі. Биыл да Алматыда өтеді деп күтілген. Оңтүстік жұртының қуанышына орай, Кутайсидің "Торпедо" клубына қарсы өз алаңында ойнау мүмкіндігі бұйырды.


Еуропа лигасы ойынына келген жанкүйерлердің қарасы көп болды. Алғашқы минуттардан-ақ командаларына қызу қолдау көрсете білді. Ал "Ордабасы" осал тұсын байқатқан жоқ.


Кахабер Цхададзе жаттықтыратын команда төреші ысқырығы шалынысымен шабуылға иек артты. Гол соғып, жанкүйерлерін қуантуға асықты. Алайда Грузиядан келген команданың қорғанысы сыр берген жоқ.


Бірінші таймда шымкенттік команда гол соғатын мүмкіндіктер болды. Бірде сәттілік жетіспесе, бірде қарсыластардың қарымы басым болды. Әсіресе бұрыштамадан асырылған доп Темірлан Ерлановтың дәл басына келген. Футболшы бағыттап үлгергенмен, қақпашы қайтарып үлгерді.


Екінші таймда Темірлан өз мүмкіндігін пайдаланды. Бұл жолы бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жетті. Торпедо қақпашысы Ройн Квасхвадзе алға шығып кеткенін дәл аңғарып, допты баспен тура бағыттап үлгерді. Ойында гол соғылып, есеп ашылды. Бұл 67 минут еді.


80 минуттан аса "Ордабасы" шабуылшысы Алексей Щеткин гол соққан. Алайда қапталдағы төреші ойыннан тыс қалғанын байқап, гол есепке алынбады.


Соңғы минуттарда "Ордабасының" шабуылы артқан. Бірақ "Торпедо" қақпашысы шеберлігінің арқасында командасын голдан бірнеше рет құтқарып қалды.


Екі команда арасындағы қарымта ойын 18 шілде күні Грузияда өтеді.


kaz.vesti.kz 




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 09:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30