Еуропа лигасының матчына қазақстандық төрешілер қызмет етеді
Еуропа Лигасының 1-іріктеу кезеңіндегі матчтардың төрешілері анықталды. Бұл туралы Azerisport.com хабарлады.
Хабарламаға сәйкес, Арман Исмуратов "Сумгайит" – "Шкендия"(Солтүстік Македония) кездесуінің бас төрешісі болып тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен Самат Тергессізов көмектеседі, сондай-ақ төртінші төреші болып Жандос Абжан қызмет атқарады.
Төрешілер тобы Қазақстан атынан шығады.
Матч 27 тамызда Сумгаитта "Капитал Банк Арена" стадионында өтеді.