Футболдан УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы ширек финал матчтары аяқталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Төрт ширек финалда тек бір ғана ойында жалғыз гол соғылды. Шотландияның 55 дүркін чемпионын қабылдаған "Брага" 1:0 есебін тіркеді.
Осылайша осыған дейін "Црвена Звезда" мен Дортмундтың "Боруссиясын" орта жолда қалдырған "Рейнджерс" алғашқы матчта есе жіберді. Қалған кездесулердің барлығында тең нәтиже тіркелді.
Алғашқы ширек финалдың нәтижелері:
Брага (Португалия) – Рейнджерс (Шотландия)
Айнтрахт Ф (Германия) – Барселона (Испания)
Лейпциг (Германия) – Аталанта (Италия)
Вест Хэм (Англия) – Лион (Франция)
Қарымта ойындар 14 сәуір күні өтеді.