Футбол

Еуропалық чемпионаттың үздік бомбардирі қазақстандық клубпен келісмшартқа отырды

  • ©

    © "Қайсар" ФК

Футболдан Мозамбик құрамасының шабуылшысы Режиналдо қызылордалық "Қайсармен" келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

 

"Режиналдо бөрілердің бірінші жиынында өзін жақсы көрсетті. 2019 жылды ойыншы "Шахтерде" өткізіп, шабуылдаушы шептегі маңызды ойыншылардың бірі болды, осынысымен "Қайсар" бапкері Стойчо Младеновтың көзіне түсті", - делінген клубтың баспасөз хабарламасында.

 

Режиналдо қарағандылық "Шахтерге" 2019 жылы шілдеде қосылған. Қазақстан премьер-лигасындағы 14 матчте ол үш гол салды.

 

Қарағандылық клубқа дейін ол албаниялық "Кукеси" үшін 43 матчте 20 гол салған. Албания чемпионатында 33 ойында 13 гол соғып, бомбардирлер тартысында үздік болды.

 

Албанияда Режиналдо "Лячи" мен "Люфтетари", сонымен бірге, Еуропада португалиялық "Санта Клару" мен "Насьонал" үшін ойнаған. Ал отанында "Лига Мусульмана" клубында өнер көрсетті. Мозамбик құрамасы үшін ол 25 матч өткізіп, үш гол салды.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 179    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 13:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30