Футбол

Евро-2020: Алаңның ортасынан гол соғылды. Чехия Шотландиядан басым түсті (видео)

  • Патрик Шик. Сурет: УЕФА

    Патрик Шик. Сурет: УЕФА

Футболдан Чехия құрамасы Евро-2020 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

 

D тобындағы бірінші матчта олар Шотландия құрамасын жеңді.

 

Глазгодағы "Хэмпден Парк"  стадионында өткен 0:2 есебімен қонақ команданың пайдасына аяқталды.

 

Матчтің басты қаһарманы германиялық "Байер" командасының шабуылшысы Патрик Шик болды. Ол алдымен 42 минутта есепті ашса, 52 минутта алаң ортасынан Шотландия құрамасының қақпасына екінші голды салды.

 

 

 

Еске салайық, кеше D тобында Англия мен Хорватия құрамасы кездескен болатын. Бұл ойында Рахим Стерлинг соққан голдың арқасында ағылшындар 1:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Ал бүгін, Глазгодағы ойыннан кейін Чехия құрамасы осы топта бірінші орынға шықты. Англия болса екінші орында. Екі құраманың еншісінде де үш ұпайдан бар. Шотландия мен Хорватияда әзірге ұпай жоқ.

 

Енді топтық кезеңнің екінші турында Хорватия - Чехия, Шотландия - Англия ойындары болады.

 

 

 

 

 




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 00:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30