Футбол

ЕВРО-2020 алдында Франция құрамасының ойыншылары арасында жанжал туындады

  • PSG Talk

    PSG Talk

Франция ұлттық құрамасында ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе мен «Челсидің» шабуылшысы Оливье Жиру арасында қақтығыс пайда болды және әлі күнге дейін шешімін таппады, деп хабарлайды RMC Sport.

 

Бұған Жирудың Мбаппеге қатысты айтқан пікірі себеп болды, Оливье жас футболшының пасты сирек беретінін айтқан. Ал мұны естіген Мбаппе жаттығуда нашар көңіл-күймен жүріп, командаластарымен аз сөйлескен.

 

Ал Жиру өз кезегінде ПСЖ футболшысымен сөйлесіп, жағдайды дұрыстап түсіндірген. Ол оған журналистің сұрақтарына байланысты идеяның бұрмаланғанын айтты. Осылайша, Оливье Жиру қателік жібергенін мойындады. Алайда Мбаппе өзінің наразылығын бүкіл команда алдында көрсетуін жалғастыруда.

 

Франция бапкері Дидье Дешам екі ойыншымен, содан кейін бүкіл командамен сөйлесті. Ол оларға қателіктің болғанына қарамастан, әрі қарай жылжу керектігін айтқан. Алайда, бұл мәселе әлі күнге дейін оң шешімін таппады. Мбаппенің көңіл-күйіне жаттығу кезінде Жирудың жиі пас беріп, жаттығудан кейін оны тіпті құшақтап алуы да әсер етпеді.

 

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 602    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 17:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31