Футбол

Евро-2020: Франция - Швейцария ойынын қайта өткізуге 200 мың адам қол қойған

  • https://www.sport-express.ru/

    https://www.sport-express.ru/

Францияда жергілікті фанат Еуро-2020 турнирінің 1/8 финалында Франция мен Швейцария кездесуін қайта ойнау керек деген ұранмен үндеу тастаған деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

 

Жанкүйердің айтуынша пенальти сериясында Ян Зоммер допты қайтару барысында соққы жасалынбай тұрып орнынан қозғалып кеткен.

 

Бүгінгі таңда оның жақтастары көбейіп, петицияға 200 мың адам қол қойған.

 

Еске салсақ, кәрі құрлық турнирінде Франция мен Швейцария плей-офф кезеңінде кездесіп, негізгі уақытта есеп 3:3 нәтижесімен аяқталған. Төрешінің қосқан қосымша минутында қос тараптан гол болмағандықтан, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.

 

Бабы мен бағы қатар келіп тұрған швейцариялықтар 5:4 есебімен басым түскен болатын.

 

Сонымен қатар, шешуші сәтте Мокин қақпасынан саңылау таба алмаған әлемнің ең қымбат ойыншысы Килиан Мбаппе бұл жолы да 11 метрлік айып добын орындауда мүлт кеткен еді.

 

Осындайда ұтылғанның сөзі құрысын деген спорттағы қағида еріксіз еске түседі. Болар іс болды, бояуы сіңді...

 

Швейцария ширек финалда Испаниямен кездеседі.

 




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 18:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30