Евро-2020: Турнирдегі ең үздік гол анықталды (видео)

15 шілде 2021, 20:04

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) Еуро-2020 турнирінің ең үздік голын таңдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Ол жанкүйерлер арасында дауыс беру арқылы анықталды.

 

Футбол сүйетіндердің көбі Чехия құрамасының шабуылшысы Патрик Шиктің Шотландия қақпасына салған голын таңдады.

 

D тобындағы бұл ойын 2:0 есебімен аяқталған еді.

 

 

Еске салайық, Еуропа чемпионатының жеңімпазы Италия құрамасы болды.