Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Финалда Месси гол салғанда ереже бұзылғаны айтылды

20 желтоқсан 2022, 18:34

Катардағы ӘЧ финалында Мессидің 108-минутта Франция қақпасына салған голы есепке алынбау керек болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Vesti.kz тілшісі L’Equipe газетіне сілтеме жасап жазды. 

Қосымша уақытта салынған гол Аргентинаны есепте алға шығарды - 3:2. Ал доп соғылған сәтте аргентиналықтардың қосалқы құрам ойыншылары алаңға шығып кеткен екен.

 

"Льористің сейвінен кейін Месси гол салғанда Аргентина құрамасының қосалқы құрам ойыншылары эмоцияға беріліп, алаңға шығып кетті. Олар жеңісті тойлауға дайын болды. Бұл қатаң тыйым салынған дүние.

Ереженің тоғызыншы пунктінде көрсетілген: "Гол салынып, ойын қайта жалғасқанға дейін төреші гол соғылған сәтте алаңда бөгде адам болғанын байқаса, голды есепке алмау керек, бұл гол салған қосалқы құрам немесе алмастырылған ойыншы, алаңнан қуылған футболшы, команда қызметкері болса. Ойын қосымша ойыншы болған жерден айып добымен жалғастырылуы керек", - деп жазыпты франциялық басылым.