Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Финалдық ойынның үзілісінде Мбаппе командаға не айтқаны белгілі болды

21 желтоқсан 2022, 15:55

Франция құрамасының шабуылшысы Катардағы ӘЧ финалында Аргентинаға қарсы матчтің үзілісінде командаластарын рухтандыруға тырысқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Франциялықтар бірінші таймды сылбыр өткізіп, 0:2 есебімен ұтылып жатты. Екінші таймда Дидье Дешам жаттықтыратын команда ойын барысын өзгертті, ал Мбаппе хет-трик жасады. Алайда Франция құрамасының пеналти сериясында жолы болмады.

 

"Бұл әлем чемпионатының финалы, бүкіл ғұмырымыздағы маңызды матч! Енді мұнан жаман ештеңе болмас. Алаңға оралып, қарсыласқа ары қарай бұлай ойнауға мұрша бермеуіміз керек. Шығып барымызды саламыз, бірге бір келгенде ұтып отырамыз, не болмаса тағы бірдеңе істеуіміз қажет.

Жігіттер, бұл әлем чемпионатының шешуші ойыны. Екі гол ұтылып жатырмыз, бірақ ойынды өзгерте аламыз! Мұндай төрт жылда бір болады", - деп береді Мбаппенің сөзін RMC Sport.