Футбол

Францияға қарсы ойында құрама сапында тоғыз ойыншы дебют жасайды

  • Фото: КФФ©

    Фото: КФФ©

Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу ойындары барысында Францияға қарсы өткізетін матчында тоғыз ойыншы дебют жасауы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.

 

Бас жаттықтырушы Талғат Байсуфиновтың тізіміне тоғыз "жаңа" ойыншы ілінген. Олар 22 жастағы қақпашы Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), 23 жастағы қақпашы Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), 26 жастағы қорғаушы Руслан Валиуллин ("Тобыл"), 26 жастағы қорғаушы Тимур Рудосельский ("Лори", Армения), 23 жастағы жартылай қорғаушы Рамазан Оразов ("Чайка", Ресей), 20 жастағы жартылай қорғаушы Эльхан Астанов ("Ордабасы"), 20 жастағы жартылай қорғаушы Данияр Үсенов ("Қайрат"), 18 жастағы жартылай қорғаушы Самородов ("Ақтобе"), 21 жастағы шабуылшы Рамазан Каримов ("Каспий").

 

Бұған дейін ұлттық құрама сапынан қорғаушы Дмитрий Шомко мен қақпашы Александр Мокин кеткен болатын.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан-Франция матчы 28 наурыз күні "Астана Аренада" өтеді. Ойынды тікелей эфирде cағат 19:00 Qazsport арнасы көрсетеді.

 

 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 10:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31