Футбол

Футбол: 2019 жылдың ең мықты лигасы аталды

  • Сурет: Football.ua

    Сурет: Football.ua

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2019 жылдың қорытындысына сәйкес әлемнің ең мықты лигаларының рейтингін жасады.

2009 жылдан бері алғаш рет Ағылшын Премьер-лигасы көш бастады. Соңғы он жылда Испания Примерасына тең келетін біріншілік болмаған еді. Жаңартылған рейтингтің екінші сатысында Бразилияның А Сериясы жайғасты. Үздік үштікті Ла Лига түйіндеді.

Қазақстан Премьер-Лигасы 410 ұпаймен 43-ші орыннан көрінді. Өткен жылға қарағанда біздің чемпионат үш сатыға төмендеген. Біздің алдымызда Сауд Арабиясы (32), Конго (35), Қытай (39) және Венесуэла (41) мемлекеттерінің біріншіліктері жайғасқан.

IFFHS рейтингін түзу барысында неге негізделгені нақты белгісіз. Ұпайлар командалардың әр түрлі турнирлердегі нәтижесі, футболшылардың трансфері және чемпионаттың қаржысына қарай берілген болу керек.

Әлемнің ең мықты 10 чемпионаты:

1. Англия – 1287 ұпай;
2. Бразилия – 1165;
3. Испания – 1141;
4. Италия – 939;
5. Колумбия – 849;
6. Португалия – 834;
7. Франция – 818;
8. Голландия – 790,5;
9. Аргентина – 776;
10. Германия – 765,5,
...25. Украина - 542,
26. Ресей- 538,5,
...36. Болгария - 437,
...40. Венгрия - 425,5,
...43. Қазақстан - 410,
...45. Беларусь - 397,
...52. Польша - 364,5,
...61. Латвия - 340,
...67. Өзбекстан - 292,5,
...71. Литва - 279,5.

kaz.vesti.kz 




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 17:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30