Футбол

Футбол: 2022 жылғы әлем чемпионатының Еуропада іріктеу сатысы басталады

  • © inform.kz

    © inform.kz

24 наурызда 2022 жылғы әлем чемпионатына Еуропа құрлығы бойынша іріктеу сатысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аталған доп додасының іріктеу сатысында D тобында сынға түседі.

Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия құрамалары.

 

Қазақстандық футболшылар бүгінгі ойын күнінде ешқандай құрамамен кездеспейді.

 

Топтағы өзге құрамалар өзара шеберлік байқасады. Өз алаңында Франция Украинаны қабылдаса, Финляндия Босния және Герцоговинамен күш сынасады.

 

Ал Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 28 наурызда елордада Францияға қарсы өткізеді. Одан кейін 31 наурызда сырт алаңда Украинамен жасыл алаңға шығады.

 

Еуропа құрлығында 55 құрама 11 топқа бөлінген. Әрбір топта алғашқы екі орынға ие болған құрамалар әлем чемпионатының финалдық сатысына тікелей жолдама алады.

 

Іріктеу кезеңі биылғы жылдың 16 қарашасында мәреге жетеді.

 

Дүбірлі доданың финалдық сатысы 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында Катарда өтеді.

 

 

 




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.03.2021, 09:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31