Футбол алаңына тыр жалаңаш жүгіріп шыққан қыз ойынды тоқтатты (видео)

05 қараша 2018, 22:21

Футболдан Нидерланды чемпионаты аясындағы ойын кезінде алаңға жүгіріп шыққан жалаңаш қыздың кесірінен матч тоқтатылды, деп жазды "Р-Спорт".

Оқыс оқиға сенбі күні "Райнсбургсе Бойз" — "Амстердам" (2:6) матчында болған.

AD басылымы хабарлағандай, алаңға жүгіріп шыққан қызды тоқтатуға ешкім әрекет жасамаған.

Жеңілген команданың футболшысы Джоэл Тиллема Omroep West Sport-қа берген сұхбатында бұл оқиға жымиюға жалғыз себеп болғанын мәлімдеді.

"Бірақ мен өзімді ұстауға тырыстым – мүмкін әйелім көріп отырған шығар", — деді ол.

Видеодан тыныштықты бұзған қыздың стадионнан өз еркімен кетіп қалғанын көруге болады.

https://twitter.com/ultrassnl/status/1059008678114803712