Футбол

Футбол: «Астана» мен «Қайрат» қарсыластарын ірі есеппен жеңді

  • ©

    ©

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он екінші турындағы алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматыда «Қайрат» «Ақтөбені» 4:2 есебімен тізе бүктірді. Ойын барысында алматылық клуб сапынан Артур Шушеначев 7, 36, Хосе Канте 50, Небойша Косович 86-минуттарда гол соқса, оған «Ақтөбе» құрамынан Дидар Жалмұқан 41, Эрвейн Мукам 53-минуттарда екі голмен жауап қайырды.

 

Осылайша «Қайрат» үш ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.

 

Елордалық «Астана» Қызылордада «Қайсарды» 5:2 есебімен ойсырата жеңді. Кездесуде елордалық командадан Марин Томасов 31, 61, Вараздат Ароян 36, Макс Эбонг 46, Роман Муртазаев 47-минуттарда мергендік танытты.

 

Ал алаң иелері қатарынан Егор Потапов 43, Стефан Денкович 87-минуттарда гол соқты.

 

Әзірге турнир кестесінде «Астана» 32 ұпаймен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 22, «Ақжайығы» 21 ұпайы бар.

 

Енді 15 мамырда 18.00-де «Каспий» (Ақтау) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Тараз» бен «Жетісу» (Талдықорған) командалары жасыл алаңға шығады.

 

Аталған турды 20.00-де «Атырау» мен «Ордабасы», «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл) кездесулері түйіндейді.

 

 

 

 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 00:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31