Футбол

Футбол: Бірқатар еурокубок ойындарының өтетін орны өзгерді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Футболдан UEFA аясындағы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы 1/8 финалындағы бірқатар ойындар өтетін орны өзгерді. Бұл коронавирус инфекциясына байланысты кейбір мемлекеттерде қалыптасқан жағдайға орай қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі UEFA сайтына сілтеме жасап.

 

Чемпиондар лигасындағы «Атлетико Мадрид» (Испания) пен Англияның «Челси» командалары арасындағы 23 ақпандағы кездесу Румыния астанасы - Бухарест қаласындағы «Арена Националэ» стадионында өткізіледі.

 

Ал 16 ақпандағы «РБ Лейпциг» (Германия) және «Ливерпуль» (Англия), 24 ақпандағы «Боруссия» (Менхенгладбах, Германия) және «Манчестер Сити» (Англия) ойындары Венгрия астанасы - Будапешт қаласындағы «Пушкаш Арена» стадионында болады.

 

18 ақпандағы «Мольде» (Норвегия) мен «Хоффенхайм» (Германия), «Реал Сосьедад» (Испания) және «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Бенфика» (Португалия) мен «Арсенал» (Англия), «Вольфсберг» (Австрия) және «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) арасындағы матчтарда да осындай жағдай.

 

Сондай-ақ, 24 ақпандағы «Арсенал» (Англия) және «Бенфика» (Португалия) кездесуі өтетін орын да өзгереді.

 

Аталған командалар намысын қорғайтын мемлекеттер арасында коронавирус инфекциясына байланысты әуе қатынасы тоқтатылған.

 

Қазір Еуропаның кейбір елдерінде қатерлі індетке байланысты сақтық шаралары күшейтілді.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Бавария» жеңімпаз атанған болатын.

 

 

 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 23:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31