Футбол

Футбол ЕЧ: Англия Хорватиямен күш сынасты

  • фото - sportarena.com

    фото - sportarena.com

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысында Англия мен Хорватия құрамалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Аталған екі команда D тобында сынға түседі.

 

Қарсыластары -Чехия және Шотландия құрамалары. Екеуі де әлемдегі үздіктер қатарында саналады.

 

Сондықтан жанкүйерлер бүгінгі ойыннан тартысты бәсекені күтті. Ойын барысында ағылшындық құрама сапынан 57-минутта Рахим Стерлинг мергендік танытты.

 

Кездесуде Англия қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Енді аталған топтағы Шотландия және Чехия құрамалары 14 маусымда шеберлік байқасады.

 

Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түседі. Әрбір топтан үздік екі команда мен көрсеткіші жоғары төрт құрама жарысты жалғастыруға мүмкіндік алады.

 

Ойындар дүбірлі дода тарихында тұңғыш рет Еуропаның 10 мемлекетінде орналасқан 11 стадионда өтуде. Бұл Еуропа чемпионатының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.

 

Футболдан Еуропа чемпионаты 11 маусымда басталды, 11 шілдеде мәресіне жетеді.

 

 




Көрілген: 331    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 21:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30