Футбол

Футбол ережелері өзгереді

  • Футбол ережелері өзгереді

    Футбол ережелері өзгереді

Халықаралық футбол ассоциациялары кеңесі (IFAB) футбол ережелеріне қатысты өзгерістер енгізді. Олар ұйымның ресми сайтында жарияланды.


Бірінші өзгеріс қолдың допқа тиюіне қатысты. Егер гол соққан футболшы кем дегенде білместіктен қолмен ойнаса, онда бұл ережелерді бұзу болып саналады.


Екіншіден, алмастырылған ойыншы жақын бұрыштағы сызық арқылы алаңнан шығуы керек. Қазіргі уақытта футболшылар тек қосалқы ойыншылар отыратын орын жаққа қарай алмастыруға шығады.


Үшіншіден, шабуылшы команданың футболшыларына айып соққысын орындау кезінде қорғанушы команданың қабырғасына тұруға тыйым салынады. Бұл ретте олар өз қабырғасын тұрғыза алады.


Төртіншіден, 11 метрлік айып добын орындауға қатысты. Ендігіде қақпашы қақпаның сызығына тек бір аяқпен ғана тиеді.


Сондай-ақ, сары және қызыл қағаздар енді жаттықтырушыларға да жарамсыз мінез-құлық және басқа да ереже бұзу үшін беріледі. Ал доп төрешіге тигеннен кейін даулы доп тағайындалады.


Өзгерістер 2019 жылы жазда күшіне енеді.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.03.2019, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30