Футбол

Футбол фанаттары Алматыда төбелесті

  • Футбол фанаттары Алматыда төбелесті

    Футбол фанаттары Алматыда төбелесті

Алматыда Суперкубок ойынынан кейін Орталық стадионда "Астана" және "Қайрат" жанкүйерлері төбелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.


Төбелестің видеосы Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Онда бірнеше адамның балағат сөздер айтып, айғайлап жүргені естіледі. Полицейлер жігіттерді тынышталдырмақшы болып, төбелескендерді ажыратқан.


"Алматының орталық стадионында футбол ойыны кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері жастардың топ болып төбелесу әрекеттерінің алдын алды. Олардың жеке басын анықтау үшін Бостандық ауданы ІІБ жанындағы полиция бөліміне жеткізілді. Кейіннен олармен алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу жөнінде түсіндірме әңгіме жүргізілді", - деді Алматы полициясы департаменті.


Айта кетейік, "Астана" ойыншылары футболдан Қазақстанның Суперкубогын жеңді. Алматыда өткен ойында елордалық команда жергілікті "Қайратпен" кездесіп, 2:0 есебімен жеңді.


 




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.03.2019, 15:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31