Футбол

футбол қауымдастығының президенті жас футболшыларды зорлады деп айыпталды

  • fifa.com©

    fifa.com©

Гаити футбол қауымдастығының президенті Ив Жан-Бартқа жас футболшы қыздарды зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

 

Мұндай оқиға соңғы бес жыл бойы қайталанып келген. Англиялық The Guardian басылымы жас футболшыларды дайындау орталығына жақын адамдардың, зорлау құрбаны болған қыздар мен отбасының сөздерін жариялаған.

 

Куәгерлер мен құрбан болған қыздардың сөзінше, қауымдастық президентіне орталықтағы бір әйел көмектескен. Ол Жан-Барттың көзіне түскен қыздарды орталықтан қуыласың деп қорқытқан. Сөйтіп, командада қалғысы келсе, Ив Жан-Бартпен жеке сөйлесуге кеңес берген.

 

Осы айла арқылы бірнеше қыз президенттің құрбаны болған. Зорлық салдарынан 17 жастағы футболшы қыздың аяғы ауыр болып, кейін қауымдастық президенті оны аборт жасауға итермелегені де хабарланған.

 

2000 жылдан бері жергілікі футбол федерациясын басқаратын Жан-Барт бұл айыптармен келіспейді.

 

"Федерацияға қарсы, академиямыздың қызметкерлеріне қарсы, маған қарсы ешқандай шағым түспеді. Біздің орталығымызда мұндай зорлық-зомбылық жасау мүмкін емес. (...) Бұл айып - қауымдастықтың, президент пен отбасының тұрақты өмірін құртуға тырысу", - дейді ол.

 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 15:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31