Футбол

Футбол: Клубтар арасындағы әлем чемпионы анықталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Биылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында ағылшындық «Ливерпуль» бразилиялық «Фламенгомен» кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші таймда командалар есеп ашпады.

46-минутта Роберто Фирминоның бағыттаған соққысы қақпа бағанасынан кері қайтты.

Бразилиялық клуб екінші таймның орта тұсында гол соғатын мүмкіндікті мүлт жіберді.

92-минутта Садио Мане қақпашымен жеке-дара шығып, айласын асыра алмады. Төреші бастапқыда пенальти белгілеген, алайда, бейнеқайталау бұл шешімнің бұрыстығын көрсетті.

Бірінші экстра-таймда Роберто Фирмино «Ливерпульге» жеңіс әкелді.

Осылайша, «Ливерпуль» өз тарихында тұңғыш рет клубтар арасындағы әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, клубтар арасындағы әлем чемпионаты 2000 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл турнирге УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Либертадорес Кубогын ұтып алған әр құрлықтың чемпиондары қатысады.

 




Көрілген: 370    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.12.2019, 10:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30