Футбол

Футбол тарихындағы ең қымбат қорғаушы 21 айға сотталды

  • Сурет: Football24.ru

    Сурет: Football24.ru

"Манчестер Юнайтед" капитаны Харри Магуайрды шартты түрде 21 айға сотталды. Футболшы шабуыл жасау, полицияға қарсылық және пара беруге тырысу бойынша айыпталды, - деп хабарлайды Eurosport.

 

Оқиға футболшы демалуға барған Грекияның Миконос аралында болған. Магуайр бір топ британиялықтармен шекісіп қалған. Олар футболшының ар-намысына тиіп, қарындасының қолын белгісіз затпен тіліп жіберген. Бұл Харридің ашуын тудырып, ол қарсыластарына тап берген.

 

Магуайрдың сөзінше, футболшы ауруханаға жету үшін көлік шақыртқан, алайда, оларды микроавтобустан бес-алты адам алып шығып, полицияға апармақ болған. Харри, інісі және досымен оларға қарсылық көрсеткен. Оның үстіне қолына кісен салынған күйінде полицейді жарақаттаған.

 

Ал өзге тарап "МЮ" футболшысы табысымен мақтанып, полицияға пара бермек болғанын айтады.

 

Бұл дауға байланысты Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт қорғаушы позициясындағы ойыншыны Исландия мен Данияға қарсы ойыннан алып тастады.

 

Футболшы үкімге қатысты шағым бермек.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 250    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.08.2020, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31