Футбол

Футбол: Ұлттар лигасының тұңғыш чемпионы анықталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Футболдан УЕФА Ұлттар лигасы финалдық кезеңі мәресіне жетті. Еуропа құрлығында алғаш рет өткізілген турнирдің тұңғыш чемпионы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Финалда Португалия мен Голландия құрамалары кездесті. Екі құрама тарапынан тартысты ойын өрбіді. Дегенмен есеп екінші кезеңнің 60-минутында ашылды. Португалия сапынан Гонсалу Гуэдеш осылайша өз құрамасын алға шығарды.


Қос құрама да толайым табыстарға қол жеткізген. Голландия құрамасы 1988 жылы Еуропа чемпионы атағын жеңіп алса, аталмыш бәсекеде төрт мәрте қола (1976, 1992, 2000, 2004) жүлдегер болды. Олар әлем чемпионатында үш мәрте күміс (1974, 1978, 2010), бір мәрте қола (2014) медаль алды.


Ал Португалия 2016 жылы Еуропа чемпионы болса, аталмыш біріншілікте бір мәрте күміс (2004), үш мәрте қола (1994, 2000, 2012) медальге қол созды.


Естеріңізге сала кетелік, футболдан УЕФА Ұлттар лигасы финалдық кезеңінің жартылай финалында Португалия Швейцарияны негізгі кезеңде, Голландия Англияны овертаймда 3:1 есебімен тізе бүктірді.


Естеріңізге сала кетелік, бұл бәсеке алғаш рет былтырдан бастап ойналды. УЕФА құрамындағы 55 құрама төрт лигаға бөлінді. Оның әрбірінде төрт-төрт топтан бар. А лигасында топ үздіктері атанған құрамалар финалдық кезеңге жолдама алды.


Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының Д лигасында А тобында Грузия, Латвия және Андорра құрамаларымен шеберлік байқасты. Нәтижесінде алдына Грузияны салып, өз тобында екінші орынды қанағат тұтты.


 




Көрілген: 447    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 09:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30