Футбол

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» қайтадан көш бастады

  • Футболдан Қазақстан біріншілігі:  «Астана» қайтадан көш бастады

    Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» қайтадан көш бастады

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-турында екі ойын өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған турдың шымылдығы елордалық «Астана» мен Қарағандының «Шахтер», Алматының «Қайрат» және «Атырау» командалары кездесулерімен түрілді. Қатар өткен екі ойын да голдардың көп соғылуымен ерекшеленді.

«Астана» мен «Шахтер» кездесуі тартысқа толы болды. Екі команда барлығы жеті гол соғып кетті. Алдымен елордалық клубтан Макс Эбонг 6, Валерий Чуперка 26-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін қарағандылық командадан Иван Свиридов 41-минутта есеп айырмасын қысқартты. Елордалық Абат Айымбетов 55-минутта гол соқса, қарағандылық Геворг Наджарян 63-минутта көзге түсті. «Астана» сапынан Тигран Барсегян 77-минутта қақпаны дәл көздесе, оған қарағандылық Ескендір Қыбырай 78-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Астана» қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде 41 ұпаймен қайтадан көш басына шықты.

Ал алматылық «Қайрат» өз алаңында «Атырауды» 5:0 есебімен тізе бүктірді. Ойын барысында алматылық Артур Шушеначев 29, 60-минуттарда қос голдың авторы атанды. Ал Хосе Конте 57, Гулжигит Алықұлов 69, Камо Оганесян 93-минуттарда есеп айырмасын ұлғайтты.

Еске салсақ, бүгін аталған турда тағы бір кездесу өткізілуде. «Ақтөбе» өз алаңында «Ақжайық» (Орал) командасын қабылдауда.

Енді 3 шілдеде сағат 18.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қызылжар» (Петропавл), 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент), 20.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тобыл» (Қостанай) ойындары өткізіледі.

Аталған турды 4 шілдеде сағат 19.00-де «Тараз» бен «Каспий» (Ақтау) кездесуді түйіндейді.




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

жұма, 02.07.2021, 23:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30