Футбол

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тараз» қайтадан екінші орынға көтерілді

  • Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тараз» қайтадан екінші орынға көтерілді

    Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тараз» қайтадан екінші орынға көтерілді

Бүгін, 28 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің cегізінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы ойында «Тобыл» сырт алаңда «Каспийден» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал одан кейін «Астана» өз алаңында «Ақжайықтан» 1:0 есебімен басым түсті. Үшінші кездесуде «Тараз» «Ақтөбені» сүріндірді. Ойын барысында тараздықтар сапынан Бауыржан Байтана 11-минутта есеп ашса, 16-минутта оның командалас әріптесі Педро Эуженио пенальтиден есепті үстемелей түсті. Ал 55-минутта Дінмұхамед Қараман мергендік танытты. Ал 76-минутта ақтөбелік футболшы Игор Сергеев есеп айырмасын қысқартты. Кездесу барысында «Тараз» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Тағы бір ойында Түркістанда «Тұран» «Атыраудан» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Кездесеуде «Атырау» сапынан Дмитрий Гузь 2-минутта есеп ашса, алаң иелерінен Олжас Керімжанов 46-минутта таразы басын теңестірді. Кездесу тағдырын 78-минутта атыраулық футболшы Жиан Мартинс пенальти шешті. Сегізінші турдағы алғашқы ойын күнінен кейін «Астана» 20 ұпаймен көш басында тұр. Одан кейінгі орындардағы «Тараздың» 17, «Тобылдың» 15 ұпайы бар. Ал 29 сәуірде «Жетісу» (Талдықорған) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Қайрат» (Алматы) пен «Ордабасы» (Шымкент), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары шеберлік байқасады.
ҚазАқпарат




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.04.2021, 23:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30