Футбол

Футболдан Қазақстан чемпионаты қашан жалғасады

  • Футболдан Қазақстан чемпионаты қашан жалғасады

    Футболдан Қазақстан чемпионаты қашан жалғасады

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы - OLIMPBET футболдан Қазақстан чемпионатының жаңарған күнтізбесін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат лиганың ресми сайтына сілтеме жасап.


Мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен ел чемпионаты 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жалғасады. Чемпионатты жалғастырудың басты шарты – ойын кезінде коронавирустың таралуына жол бермеу, алдын алудың арнайы нұсқаулығын сақтау.

 

«Аталған арнайы құжатқа енгізілген санитарлық талаптар республиканың бірнеше облысындағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты күшейтілді. Ойындар көрерменсіз өтеді, жарыс кезінде қызмет ететін адамдардың саны шектеулі болады. Турнир күнтізбесін Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің мүшелері бекітті. Бірінші және Екінші лига командалары арасындағы біріншіліктер және ҚР Кубогы 2020 жылдың 1 тамызынан кейін басталады» делінген Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы таратқан ақпаратта.

 

Сонымен қатар, «Астана» клубы Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңін 2020 жылдың 18-19 тамызында бастайды. Осы жылы іріктеу кезеңінің өткізілу жүйесінде айтарлықтай өзгерістер бар. Плей-офф кезеңіне дейінгі барлық кездесулер бір ғана ойынның нәтижесінде шешіледі.

 

Алғашқы кезеңнің жеребесі 9 тамыз күні өтеді. Дәл осы күні елордалық клуб ойынның қайда өтетінін және қай командаға қарсы ойнайтынын нақты біледі.

 

Футболдан Қазақстан чемпионатының күнтізбесін мына сілтемеден көруге болады.

 

Бұған дейін футболдан Қазақстан біріншілігін жалғастырудың екі жоспары ұсынылғаны хабарланған еді.




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

жұма, 26.06.2020, 22:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31