Футбол

Футболдан Қазақстан кубогы: «Ақжайық» «Ақтөбені» ұтып, өз тобында көш бастады

  • Футболдан Қазақстан кубогы: «Ақжайық» «Ақтөбені» ұтып, өз тобында көш бастады

    Футболдан Қазақстан кубогы: «Ақжайық» «Ақтөбені» ұтып, өз тобында көш бастады

Оралдың «Ақжайығы» Қазақстан кубогы ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші турда украиналық маман Владимир Мазярдың шәкірттері Ақтөбеде жергілікті клубпен кездесті.

«Ақжайық» қақпасын алғаш рет ресейлік Степан Сикач қорғаса, оның отандасы, жартылай қорғаушы Михаил Гащенков та тырнақалды матчын өткізді. Бірінші таймда ресейлік Евгений Козлов орындаған 11 метрлік айып добын «Ақтөбе» қақпашысы Сергей Ревякин қайтарды. Бірақ Е.Козловтың өзі допқа бірінші болып жетіп, мүлт кетпеді. Екінші таймда алаң иелері есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Алайда Игорь Сергеев қақпаны 11 метрліктен дәл көздей алмады. Есесіне Эльдар Абдрахмановтан пас алған Е.Козлов есепті 2:0-ге жеткізді. Осылайша оралдықтар С тобында көш бастады.

Бұл топта кеше «Астана» мен қызылордалық «Қайсар» 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын.




Көрілген: 737    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.07.2021, 23:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30