Футбол

Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Бавария» жеңімпаз атанды

  • Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Бавария» жеңімпаз атанды

    Футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Бавария» жеңімпаз атанды

Катар елінде футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін финалда Германияның «Бавария» және Мексиканың «УАНЛ Тигрес» командалары кездесті. Ойын барысы тартысты өрбіді. Неміс футболшылары тізгінді өз қолында ұстауға тырысты.

Бірінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Екінші кезеңнің 59-минутында «Бавария» ойыншысы Бенжамен Павар ашық қалған қақпаға допты тура бағыттады. Кездесуде неміс клубы 1:0 есебімен басым түсті.

«Бавария» бұдан бұрын мұндай жетістікке 2013 жылы қол жеткізді. Ол жолы финалда Марокконың «Раджа» командасын 2:0 есебімен тізе бүктірген еді.

Үшінші орын үшін сайыста Египеттің «Аль Ахли» және Бразилияның «Палмейрас» командалары негізгі және қосымша кезеңде 0:0 есебімен тең аяқталды. Пенальтиде египеттік футболшылар 3:2 есебімен басым түсті.

Аталған доп додасы 2000 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін 16 мәрте ұйымдастырылды. Чемпиондық атаққа Испанияның «Реал Мадрид» 4, «Барселона» 3, Бразилияның «Коринтианс» 2, «Интернасьонал», «Сан-Паулу», Англияның «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед», Италияның «Милан» «Интер» және Германияның «Бавария» командалары ие болды.

2019 жылы «Ливерпуль» командасы жеңімпаз атанған болатын. Өткен жылы доп додасы коронавирус инфекциясына байланысты өткізілмей, биылға ауыстырылған болатын.

2021 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты Жапонияда желтоқсан айында өткізіледі деп жоспарланған.




Көрілген: 247    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 08:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30