Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Футболшы еурокубок матчында ойнау үшін өз үйлену тойына қатыспаған

06 тамыз 2022, 12:29

"Мальме" шабуылшысы Мохамед Турай өзінің үйлену тойына қатыспай Еуропа Лигасының матчында ойнауға мәжбүр болды. Бұл туралы vesti.kz тілшісі "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

27 жастағы форвард жазғы трансферлік маусымда швециялық клубқа ауысқан. Дәл тойы болатын күні клуб тарапынан салтанатты мерекеге қатыспау туралы өтініш айтылған. Нәтижесінде футболшы өз тойына қатыспай, күйеу жігіттің орнына ойыншының ағасы қатысқан.

 

"Сүйген адамыма қосылып, тойымды өткіздім. Енді ол менің сүйікті жарым және ең жақын досым. Енді сенімен бірге өмірдің қызығы мен шыжығын бірге көруге асықпын", - деп жазды Турай әлеуметтік желіде.

 

Твиттер парақшасына жүктеген суреттерді футболшы мен жары тойға дейін фотосессияда түскен.

 

Ал Еуропа Лигасының іріктеу айналымында Турай "Мальме" сапында тек 10 минутқа "Дюделанж" командасына қарсы матчта алаңға шықты.