Футбол

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» турнирдің финалдық сатысына шықты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Футзалдан Алматының «Қайрат» командасы UEFA Чемпиондар лигасының финалдық сатысына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бүгін қазақстандық клуб өз алаңында «Юнайтед Галац» клубын қабылдады.

 

Кездесуде «Қайрат» қарсыласынан басым ойнады. Бірінші кезеңде алматылық команда сапынан Ранжел 4, Савио 12-минуттарда мергендік танытты.

 

Екінші кезеңде де сол қарқынынан қайтқан жоқ. Алдымен Фернандиньо 23, Эдсон 29-минуттарда есепті үстелемей түсті.

 

Ал Шыңғыс Есенаманов 34-минутта дәлдік танытса, оған «Юнайтед Галац» сапынан Андрей Крачон бір голмен жауап қайырды.

 

Кездесу нүктесін 39-минутта қазақстандық футболшы Біржан Оразов қойды.

 

Осылайша «Қайрат» қарсыласын 6:1 есебімен жеңіп, финалдық сатыға жолдама алды.

 

Естеріңізге сала кетелік, «Қайрат» турнирдің 1/16 финалында сырт алаңда Беларусьтің «ВитЭн» командасын 5:3 есебімен сүріндірді .

 

«Қайрат» аталған турнирде 2012/2013, 2014/2015 жылдарда жеңімпаз атанған болатын. Бұл уақытта турнир UEFA кубогы деп аталатын.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын аталған турнирдің 1/8 финалында қазақстандық «Ақтөбе» командасы Словенияның «Добовец» клубына 1:2 есебімен жол беріп, ширек финалдан шет қалды.

 

Ақтөбелік футзалшылар 1/16 финалда Грекияның АЕК командасын жеңіп кеткен еді.

 

 

 




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 03:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30