Футбол

Футзалдан ҚР құрамасы мен бас бапкер әлемдегі үздік номинанттардың тізіміне енді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Кака, команда ойыншылары Игита мен Тайнан 2019 жылғы Futsalplanet Awards нұсқасы бойынша футзалдан әлемнің үздіктері номинанттарының қатарына кірді.

 

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері әрі «Қайрат» футзал командасын басқаратын Кака «2019 жылдың үздік клуб бапкері» атағы бойынша номинанттар тізіміне енген. Оған клуб командаларына жұмыс істейтін 9 маман бәсекелес болып отыр.

 

2018 жылы Кака испандық «Интер Мовистар» командасындағы әріптесі Хесусу Веласкоға жол беріп аталған номинацияда екінші орын алған еді.

 

Қазақстан құрамасының қақпашысы «2019 жылғы әлемнің үздік голкипері» атағынан үмітті.

 

26 жастағы шабуылдаушы Тайнан болса әлемнің үздік ойыншысы атағын жеңіп алуы мүмкін.

 

Еске сала кетейік 34 жастағы Игита бұл номинацияны үш мәрте (2015, 2016 және 2018 жылдары) жеңіп алған болатын. Тайнан болса бұл тізімге бірінші рет еніп отыр.

 

Futsalplanet Awards номинацияларының жеңімпаздары 2020 жылдың 26 наурызында жарияланады.

 

 

 




Көрілген: 182    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 00:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30