Футзалдан ұлттық құрама мүшелері балалармен достық матчын өткізді

02 маусым 2022, 09:23

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері және жас спортшылар "Достық матчын" өткізді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен болған матч Балалар жылына арналған.

Қазақстанның әр аймағынан іріктелген 12 жастағы үздік спортшылар Әлем чемпионатының төртінші орын иегерлері, Еуропа чемпионатының қола жүлде иегерлері Рикардо Кака шәкірттеріне қарсы ойнады.
Мерекелік матчқа ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және Ұлттық құрама сапынан Рикардо Кака, Асқар Әбілдаев, Лео Игита, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Эдсон қатысты.

Ойын 8:8 есебімен тең аяқталды.

Командаларға мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің кубогы, медальдар мен дипломдар табыс етілді.

Жас спортшылар сондай-ақ бағалы сыйлықтар алды.

sputnik.kz