Футбол

Германияда доп тепкен Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы қайтыс болды

  • Германияда доп тепкен Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы қайтыс болды

    Германияда доп тепкен Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы қайтыс болды

Қазақстан ұлттық құрамасы мен немістің "Вольфсбург" клубының бұрынғы қорғаушысы Сергей Каримов 33 жасында қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

 
 
Фото: GlobalLookPress

Фото: GlobalLookPress

Ойыншының қазасы туралы "Вольфсбург" клубы Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Біз 33 жасында қаза тапқан бұрынғы ойыншымызды жоқтаймыз. Жүрегіміз оның жанұясымен, туыстарымен және достарымен бірге. Сергей, жатқан жеріңіз жайлы болсын", - делінген хабарламада.

Tvc.ru басылымының мәліметінше, футболшы өлімінің себебі белгісіз.

Сергей Каримов "Вольфсбург" клубында 2007 және 2011 жылдары доп тепті.

Ол Германия чемпионатының 2008/09 маусымында "Қасқырлармен" бірге Бундеслиганың чемпионы атанды.

Футболшы 2010 жылы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып, Оманға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.

Айта кетейік, Сергей Каримов 1986 жылы Қарағанды облысында өмірге келген. Ол отбасымен бірге сегіз жасында Германияға көшіп кетті.

Футболшы 2014 жылы жарақатына байланысты үлкен спортпен қош айтысқан болатын.

 

 




Көрілген: 607    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.12.2019, 11:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29