Футбол

Грузия құрамасының шабуылшысы "Астана" сапына ауысуы мүмкін

  • Сурет Грузия футбол федерациясының сайтынан алынды.

    Сурет Грузия футбол федерациясының сайтынан алынды.

Футболдан Грузия құрамасының шабуылшысы Элгуджа Лобжанидзе "Астана" сапына ауысуы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Ол елордалық команда сапында Пиерос Сотириудің орнын басады.

 

Қазіргі уақытта футболшы мен команда арасында келіссөз жүріп жатыр. Шабуылшы клубпен бір жылдық келісімшарт жасауы мүмкін. Лобжанидзеге "Астана" командасының бас бапкері Андрей Тихоновтің өзі қызығушылық білдіріп отыр.

 

Айта кетейік, шабуылшы өткен маусымда "Қайсар" сапында 13 кездесуге қатысып, 7 гол соқты. Transfermarkt ақпараты бойынша, бұл футболшының трансфер нарығындағы құны 600 мың еуро екен.

 

Еске салайық, биылғы маусымда "Астана" командасынан бірнеше футболшылар кеткен болатын. Тарқатып айтсақ, клубтан шабуылшы Алексей Щеткин мен қорғаушылар Юрий Логвиненко мен Дмитрий Шомко бар. Енді алдағы уақытта Пиерос Сотириу да кетуі ықтимал.

 

 




Көрілген: 227    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.02.2021, 01:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30