Игита қазақстандық футзалдағы даудан кейін мәлімдеме жасады

03 мамыр 2022, 10:55

Футзалдан алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита ұлттық біріншіліктегі келеңсіздіктен кейін өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтаудағы ойын кезінде жаппай тәртіпсіздік болып, әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы қазақстандық футзал туралы пікір білдірді.

 

"Мен әрдайым бұл елдің намысын қорғайтын боламын. Мені мазалайтын дүние болса, ешқашан үндемей қалмаймын... Мен қазақстандық футзалдың дамуы үшін жыл сайын күресемін және күресе беремін. Қазір оның жоғары деңгейде тұрғанына қуаныштымын. Мен біз тұрғызған дүниені бұзуға мүмкіндік бермеймін. Қазақстан футзалы бәзбіреулер ойлғаннан да ауқымдырақ. Алға, Қазақстан, біз мәңгілік біргеміз! Мен бұл елді сүйемін!" - деді Игита.