Футбол

Исламхан қай клубты таңдайды?

  • Исламхан қай клубты таңдайды?

    Исламхан қай клубты таңдайды?

 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан қазіргі кезде Алматы қаласында жүр. Алдағы айдың басында оның қай клубта өнер көрсететіні белгілі болады.

Ақпан айынан бастап арабиялық «әл-Айн» жейдесін киген футболшы Қазақстанға мамыр айында келген болатын. Футболшының аталған командамен арадағы келісімшарт мерзім айдың аяғында бітеді. Клуб басшылығы келісімшарт аяқталмай жатып Бауыржанға жаңасын ұсынған. Бірақ еліміздегі үздік футболшының мансабын қайда жалғастыратыны әзірге нақтыланған жоқ.

Бұдан біраз уақыт бұрын қазақстандық футболшының агенті Марат Арчегов Бауыржанға Италияның А сериясынан, Ресей Премьер лигасынан ұсыныстар келіп түскенін айтқан еді. Ал Ресейдің «Спорт-Экспресс» сайты Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламханға «Рубин» клубы қызығушылық танытып отырғанын жазды. Тамыз айынан бастап Исламханның көрші елдің чемпионатында легионер саналмайтынын ескерсек, 27 жастағы футболшыны Ресей клубтарының бірінен көріп қалуымыз ғажап емес. Кейбір отандық спорт сарапшылары талантты аяқдопшы алматылық «Қайрат» сапына қайта оралуы мүмкін деген ақпарат таратты.

aikyn.kz




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

сенбі, 27.06.2020, 20:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31