Футбол

Испания кубогының финалына шыққан "Барселона" тарихи көрсеткішке жетті

  • Сурет: iSport.ua

    Сурет: iSport.ua

Каталондық "Барселона" қарымта матчте "Севильяны" ірі есеппен ұтып, Испания кубогының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

Барселонадағы "Камп Ноу" стадионында өткен кездесу овретаймда бітті - 3:0.

 

Ойынның негізгі уақыты 2:0 есебімен аяқталған. "Барселона" сапынан Усман Дембеле (12-ші минут), Жерар Пике (90+4) және Мартин Брейтуэйт (95) гол салды. 73-ші минутта "Севильяның" жартылай қорғаушысы Лукас Окампос пенальтиде мүлт кетті. Ал Фернандо (90+2) мен Люк Де Йонг (103) алаңнан қуылғаннан кейін севильялықтар азшылықта ойнады.

 

Еске салайық, бірінші кездесуде "Севилья" каталондықтарды 2:0 есебімен ұтқан еді.

 

Осылайша, "Барселона" Испания кубогының финалында "Леванте" - "Атлетик" жұбының жеңімпазымен ойнайды.

 

MisterChip мәліметінше, "Барселона" Испания кубогының 119 жылдық тарихында он үш маусымда он рет финалға жете алған жалғыз команда екен.

 

 




Көрілген: 304    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.03.2021, 15:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 19:33
    ПСЖ ұтылып қалды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31