Футбол

Испания Швейцарияны тізе бүктіріп, ЕУРО-2020-ның жартылай финалына өтті

  • Испания Швейцарияны тізе бүктіріп, ЕУРО-2020-ның жартылай финалына өтті

    Испания Швейцарияны тізе бүктіріп, ЕУРО-2020-ның жартылай финалына өтті

Испания құрамасы Швейцария футболшыларын 11 метрлік соққылар сериясында жеңіп шықты. Негізгі ойын 1:1 есебімен аяқталған болатын. 77 минуттан бастап швейцариялық команда Ремо Фройлер алаңнан қуылғаннан кейін толық құраммен ойнай алмады. Ал пенальти сериясында испаниялықтар қарсыластарын 3:1 есебімен тізе бүктірді, жеңіс әкелген соңғы соққыны Жерар Морено жасады.

"Еуро-2020 ширек финалында Швейцария құрамасы испаниялықтармен 1:1 есебімен тең түсті. Испания футболшылары швейцариялықтарды пенальтиден 3-1 есебімен жеңіп, 2020 жылғы УЕФА Еуропа чемпионатының жартылай финалына өтті.

 
Ойынның есебін Испания құрамасы 8-минутта ашты: Хорди Альбаның айып алаңының сыртынан тепкен добы Деннис Закарияға тиіп, артынша қарсыластарының қақпасына тура кірді. 

 

68-минутта швейцариялықтар Джердан Шачиридің арқасында есепті теңестірді. "Қызыл крестер" капитаны Ремо Фрейлерден допты қабылдап, қақпаның төменгі бұрышына дәл тигізді. 

Негізгі уақыттың аяқталуына 13 минут қалғанда, швейцариялық Ремо Фрулер Жерар Мореноны шалып құлатқандықтан, алаңнан кетуге мәжбүр болды. 

Пенальти сериясында Петковичтың шәкірттері Фабиан Шер, Мануэль Аканджи мен Рубен Варгас қақпаға гол соға алмады. Испания құрамасында Серхио Бускетс пен Родри  командаларына ұпай әкелмеді. 

Жартылай финалда Испания Бельгия - Италия матчының жеңімпазымен ойнайды.
Екінші жартылай финалда Украина - Англия жұбының үздігі Чехия - Дания матчында жеңген командамен кездеседі.

Stan.kz




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 10:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30